Қазақстан құрамасының спортшылары АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль еншіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Спортшылар Фуллертон қаласында ұйымдастырылған жарыста сәтті өнер көрсетті.
Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге қол жеткізді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.33) мәреге бірінші болып жетті. Сонымен қатар, 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02) күміс медаль иеленді.
200 метрге кешенді жүзуде Даниил Чужинов (2:09.20) күміс жүлдегер атанды.
Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.76) үшінші орынға ие болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова