АҚШ Ашық чемпионатында топ жарған Рыбакина қанша табыс тапты?

АҚШ Ашық чемпионатында топ жарған Рыбакина қанша табыс тапты?
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет АҚШ Ашық чемпионатында топ жарып, қомақты жүлде қорын иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Sportarena.kz дерегінше, US Open финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңген Рыбакина 5,5 миллион доллар, яғни шамамен 2,48 миллиард теңге сыйақы алды. Сондай-ақ, оның еншісіне 2000 рейтингтік ұпай жазылды.

Бұл - Рыбакинаның "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атағы. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда, ал 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңіске жеткен.

US Open-2026 аяқталғаннан кейін Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

I. Myrzabayeva
Logotype Massaget