Ақмарал Ерекешева Италияда үздік ондыққа енді

Ақмарал Ерекешева Италияда үздік ондыққа енді
Фото: ҰОК

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы жеке сында Қазақстан құрамасының намысын қорғады.

Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Ақмарал Ерекешева көрсетті. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 13-орынға, доппен орындалатын жаттығуда 18-орынға, шығыршықпен орындалатын тағы бір жаттығуда 15-орынға ие болды. Көпсайыс қорытындысы бойынша 11-орыннан көрінсе, ұршықтармен орындалатын жаттығуда тоғызыншы орынға ие болды.

Айбота Ертайқызы көпсайыста 32-орынға тұрақтады. Ол лентамен жаттығуда 12-орын, доппен жаттығуда 22-орын, шығыршықпен жаттығуда 35-орын, ал шоқпармен жаттығуда 63-орын алды.

Сондай-ақ, Әлем кубогының бұл кезеңінде Қазақстан топтық жаттығуларда да өнер көрсетті. Көпсайыс нәтижесі бойынша ұлттық құрама 15-орынға тұрақтады. Бес доппен орындалған жаттығуда қазақстандық гимнастар 19-орынға ие болса, үш шығыршық және ұршықтармен орындалған жаттығуда 12-орыннан көрінді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget