Гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласында өткен гран-при кезеңін бес медальмен аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз жеке көпсайыста екінші орын алған еді. Сондай-ақ, жеке жаттығулар бойынша төрт рет финалға шықты.
Нәтижесінде Ақмарал Ерекешева шығыршықпен орындалатын жаттығуда 29.150 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.
Ал доппен орындалатын жаттығуда 28.000 ұпай, ұршықтар бәсекесінде 29.050 ұпай және таспамен орындалатын жаттығуда 27.600 ұпай еншілеп, үш күміс медальға ие болды.
Осылайша, Ақмарал Ерекешева бір алтын және төрт күміс медальмен жарысты аяқтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова