Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді.
Сондай-ақ, дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.
Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды: 357 (161+196) келі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!