23 қазан күні Оралда “Ақжайық” пен “Қызыл-Жар” футбол командаларының кездесулерінен кейін, ойыншылар арасында қақтығыс болған. Оларды полицейлер ажыратып алған, - деп хабарлайды "Мой город".
Басылым мәліметінше, екі команда арасындағы ойын нәтижесі 2:2 есебімен аяқталған. Ойын соңында ойыншылар секілді жанкүйерлер де төрешілердің жұмысына наразылық білдірген.
"Әрине нәтижеге біздің көңіліміз толмайды, бірақ ойыншыларға ешқандай сын жоқ. Біз олардың атқарған жұмысы үшін үлкен рахмет айтамыз. Бірақ төрешілер тобының бүгінгі жұмысы біздің жігіттерді, біздің клубты және біз үшін қазақстандық футболды мазақ ету деп санаймыз. Бұлай болмайды! Артық айтсам айып етпеңіздер, бірақ менің айтарым осы", - деді "Ақжайық" командасының бапкері ойын соңынан кейін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!