Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия) бокстан Әлем кубогы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева 65 келіде 1/8 финалда Чехия өкілі Виктори Жилковамен жекпе-жекке шықты.
Айқас барысында отандасымыз сәтті қорғанып қана қоймай, әр соққысын есеппен және дәл бағыттай білді. Тіпті төреші қарсыласқа үш мәрте есеп ашты. Қорытынды есеп: 5:0.
Ендігі жекпе-жек 24 сәуірде марокколық Доуа Заккиге қарсы өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!