Ағылшындық клуб 20 жылдан кейін Чемпиондар лигасына жолдама алды

Футболдан ағылшын премьер-лигасының аяқталуына бір тур қалды. Биыл чемпиондық атақ пен Чемпиондар лигасына талас тартысты өтуде. 37-турда "Лестермен" тең ойнаған "Ньюкасл" 20 жылдан кейін Еуропаның басты додасында бақ сынауға мүмкіндік алды. 

37-турдағы "Ньюкасл" мен "Лестер" ойыны 0:0 есебімен аяқталды. Нәтижесінде "Ньюкасл" 70 ұпаймен үшінші орында келеді. 5-орындағы "Ливерпульден" 4 ұпайға озды. Ал "Лестер" соңғы турда премьер-лигада қалу үшін шешуші ойын өткізеді. 

"Ньюкасл" 2002/2003 жылдары Чемпиондар лигасында ойнаған. Бірінші іріктеу тобында екінші орын алса, екінші іріктеу кезеңінде үшінші орыннан көрініп, плей-оффқа өте алмаған. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!