Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 деген нәтижемен мәреге жетті.
Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді.
Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова мәре сызығын екінші, Софья Сподаренко үшінші болып кесті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова