Әділбек Мусин әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты

Әділбек Мусин әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Фото: olympic.kz

Қысқа қашықтыққа жүзуден Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында Әділбек Мусин жүзуден ел рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жекелей сында 100 метрді 50.55 секундта баттерфляй әдісімен жүзіп өтті. Нәтижесінде Әділбек 26-орында тұр. Бұл сайыста сынға түскен тағы бір қазақстандық Максим Сказобцов 34-орынға тұрақтады. Оның көрсеткіші - 51.50 секунд.

Ал әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрді 59,22 секундта жүзіп өтіп, 26-орынға ілінді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget