Әділ Асқанбай тәжікстандық боксшыны айқын басымдықпен жеңді

Индонезия астанасы Джакартада бокстан U19 және U23 санатындағы Азия чемпионатының үшінші жарыс күні басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Күндізгі сессияны U19 санаты бойынша 50 келідегі Әділ Асқанбай ашты.

Ол 1/8 финалда Тәжікстан өкілі Азамжон Хасановпен жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!