ӘЧ: қазақстандық сегіз боксшы алтын медаль үшін бақ сынайды

Қазақстанның он боксшысы Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, олардың сегізі қарсыластарын жеңді. 14 қыркүйекте олар әлемдік турнирдің алтын медалі үшін күш сынасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алтын үшін сынға түсетін қазақстандықтар:

Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Назым Қызайбай, Санжар Тәшкенбай, Аида Әбікеева, Айбек Оралбай және Алуа Балқыбекова.

Финалдағы қарсыластары:

14 қыркүйек, күндізгі сессия, 16:00:

Назым Қызайбай – Үндістаннан Минанкимен, 48 кг.
Санжар Тәшкенбай – Моңғолиядан Алдархиши Баттулгамен, 50 кг.
Махмұд Сабырхан – Испаниядан Рафаель Лозано Серрано, 55 кг.
Төрехан Сабырхан – Жапониядан Севон Окадзава, 70 кг.

14 қыркүйек, кешкі сессия, 22:00:

Алуа Балқыбекова – Түркиядан Бусе Наз Чакыроглу, 51 кг.
Аида Әбікеева – Өзбекстаннан Навбахор Хамидова, 65 кг.
Наталья Богданова – Австралиядан Лакейши Перголити, 70 кг.
Айбек Оралбай – Өзбекстаннан Жахонгир Зокиров, +90 кг.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!