ӘЧ жартылай финал: қазақстандық боксшылардың жекпе-жегін қайдан көруге болады?

ӘЧ жартылай финал: қазақстандық боксшылардың жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бүгін, 13 қыркүйекте, Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық боксшылар алты жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске салайық, 20 спортшының ішінен 8 қазақстандық боксшы жартылай финалға жетті. Ал алтын жүлде үшін финал айқастар бүгін және ертең өтеді.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі (ӘЧ-2025):

12 қыркүйек. Күндізгі сессия (16:00)

1/2 финал, әйелдер, 48 кг: Назым Қызайбай (Қазақстан) – Сабина Бобокулова (Өзбекстан);
1/2 финал, ерлер, 50 кг: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Алехандро Кларо Физ (Куба);
1/2 финал, ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Лю Чуанг (Қытай).

12 қыркүйек. Кешкі сессия (22:00)

1/2 финал, әйелдер: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Ксиню Лю (Қытай);
1/2 финал, әйелдер: Наталья Богданова (Қазақстан) – Шантель Рейд (Англия);
1/2 финал, ерлер: Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Одель Камара (Англия).

Қайдан көруге болады:

Әлем чемпионатының барлық жекпе-жегін Қазақстанда Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, трансляция арнаның сайтында қолжетімді болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget