АЧ финалы үшін өткен кездесу: Өзбекстанға қарсы айқас жеңіліспен аяқталды

АЧ финалы үшін өткен кездесу: Өзбекстанға қарсы айқас жеңіліспен аяқталды
Фото: ҚБФ

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында U19 санатында Айсұлу Мұхит (65 келі) қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Ол жартылай финалда Өзбекстан өкілі Рушанабону Исоевамен кездесті. Айсұлу Мұхит жекпе-жек бойы жеңіске деген жігер көрсетіп, белсенділік танытқанымен, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (0:5) жеңіс қарсылас боксшыға берілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Еске салайық, бұған дейін Мадира Жұмақан да Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget