"ӘЧ-дегі ең даулы ойын". Антирекорд орнатқан төреші футболдан кетеді

Испаниялық төреші Антонио Мигель Матеу Лаос маусым біткен соң карьерасын аяқтайды, - деп хабарлайды "Матч ТВ" арнасы TyC Sports-қа сілтеме жасап.

45 жастағы төреші мұндай шешімге қалай келгені белгісіз. Ол кәсіпқой деңгейдегі матчтерге 13 жыл төрелік еткен. 

Лаос ФИФА төрешісі болды, сонымен қатар, 2022 жылғы әлем чемпионатында төрелік еткен. Ширек финалдағы Нидерланды - Аргентина (2:2, пенальти бойынша 3:4) матчінен кейін ол футболшылар мен сарапшылар тарапынан сынға ұшырады. Бұл ойын кезінде бірнеше рет жанжал туған еді. Осылайша, бұл матч Катарда өткен мундиальдағы ең дөрекі ойын саналды. Лаос 17 сары қағаз көрсетіп, Катардағы футболдың антирекордын орнатты. Осыдан кейін төреші әлем чемпионатынан шеттелген еді. 

Испанияға оралған төреші Ла Лиагның 15-турындағы "Барселона" - "Эспаньол" (1:1) матчінде тағы да 15 сары қағаз көтеріп, сынға ұшырады. 

Сонымен қатар, Лаос Испания кубогінде "Линареспен" матчтен (0:5) "Севильяның" бас бапкері Хорхе Сампаолиді алаңнан қуған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!