FiveThirtyEight аналитикалық сайтының суперкомпьютері турнирде қалған барлық командалардың Чемпиондар лигасын жеңіп алу ықтималдығын есептеді. Бұл туралы Sports жазды.
Компьютер әр команданың рейтингі негізінде ұту ықтималдығын есептейді, бұл дегеніміз арнайы формула арқылы сол команданың шабуыл және қорғаныс рейтингтерінің қосындысы.
Қысқаша айтқанда, команда бейтарап алаңда абстрактілі орташа командаға қарсы ойнайтын жағдай имитацияланады және осы модель негізінде соғылған және жіберілген голдар саны анықталады.
Әртүрлі командалардың рейтингтері бір-бірімен салыстырылады, сондықтан кез келген матчтың немесе тіпті турнирдің нәтижесін жобалай аласыз.
Алгоритм қазір "Манчестер Ситиді" Чемпиондар лигасының басты фавориті деп санайды, британдықтардың ұту мүмкіндігі 28 пайыз. Олардан кейін "Бавария" (18%) мен "Наполи" (17%) келеді.
Чемпиондар лигасы кубогының қазіргі иегері "Реалдың" ұтуы небәрі 13 пайызға бағаланып отыр.
Алгоритмнің болжамы осылай.
Бұған дейін бірден екі суперкомпьютер – Five Thirty Eight және BCA Research – Катарда өткен әлем чемпионатында Аргентина құрамасының жеңісін дәл болжаған болатын.