ӘЧ-2026: Түркия, Қатар және Шотландия ойындарының қорытындысы

13-нен 14 маусымға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының кезекті ойындары өтті. Швейцария құрамасы Қатармен ойында ұпай жоғалтса, Түркия тосыннан Аустралиядан жеңілді, ал Шотландия Гаитиді аз есеппен ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қатар - Швейцария

Ойын күнін Қатар мен Швейцария арасындағы матч бастады. Фавориттер есепті 17-минутта ашты, пенальтиді форвард Брель Эмболо сәтті орындады. Команда жеңісті тойлауға дайындалып жатқан еді, алайда 94-минутта қорғаушы Миро Мухейм өз қақпасына гол соғып алды. Матчтің қорытынды есебі - 1:1.

Матч статистикасы:

Скриншот: flashscorekz.com

B тобындағы турнирлік кесте

  • 1. Швейцария (1 ұпай);
  • 2. Канада (1 ұпай);
  • 3. Қатар (1 ұпай);
  • 4. Босния және Герцеговина (1 ұпай).

Гаити - Шотландия

Гаити мен Шотландия құрамалары арасындағы үшінші матчте бір ғана гол соғылды. Оны 28-минутта жартылай қорғаушы Джон МакГинн салды. Гаитиліктер өз қақпасына бірнеше гол жіберіп алады деп күтілген еді, бірақ статистика бойынша олар шотландиялықтардан кем түскен жоқ. Матчтің қорытынды есебі - 0:1, Шотландияның пайдасына.

Скриншот: flashscorekz.com

C тобындағы турнирлік кесте

  • 1. Шотландия (3 ұпай);
  • 2. Марокко (1 ұпай);
  • 3. Бразилия (1 ұпай);
  • 4. Гаити (0 ұпай).

Аустралия - Түркия

Ойын күнінің қорытынды матчінде Түркия тосыннан Аустралиядан жеңіліп қалды. 27-минутта аустралиялық вингер Нестори Иранкунда есеп ашса, 75-минутта жартылай қорғаушы Коннор Меткалф есепті еселеді.

Түріктер допқа иелік ету бойынша 70 пайыздан аса артықшылыққа ие болып, қарсылас қақпасына 30 соққы бағыттаса да, гол соға алмады. Матчтің қорытынды есебі - 2:0, Аустралияның пайдасына.

Скриншот: flashscorekz.com

D тобындағы турнирлік кесте

  • 1. АҚШ (3 ұпай);
  • 2. Аустралия (3 ұпай);
  • 3. Түркия (0 ұпай);
  • 4. Парагвай (0 ұпай).

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!