4 шілде таңда 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-оффтағы алғашқы кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде 1/8 финалда кездесетін барлық жұп анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1/16 финалдың қорытындысы бойынша келесі кезеңге Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко, Норвегия, Франция, Мексика, Англия, Бельгия, АҚШ, Испания, Португалия, Швейцария, Мысыр, Аргентина және Колумбия өтті.
ОАР, Жапония, Германия, Нидерланд, Кот-д’Ивуар, Швеция, Эквадор, Конго ДР, Сенегал, Босния және Герцеговина, Аустрия, Хорватия, Алжир, Аустралия, Кабо-Верде және Гана құрамалары турнирмен қоштасты.
1. 04.07, 22:00 — Канада — Марокко;
2. 05.07, 02:00 — Парагвай — Франция;
3. 06.07, 01:00 — Бразилия — Норвегия;
4. 06.07, 05:00 — Мексика — Англия;
5. 07.07, 00:00 — Португалия — Испания;
6. 07.07, 05:00 — АҚШ — Бельгия;
7. 07.07, 21:00 — Аргентина — Мысыр;
8. 08.07, 00:00 — Швейцария — Колумбия.
1/8 финал аяқталғаннан кейін, келесі ширек финал кезеңі 10-12 шілде аралығында өтеді. Жартылай финалдар — 15–16 шілде. Үшінші орын үшін матч — 19 шілдеде, ал финал — 20 шілдеде сағат 00:00-де болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!