Қазақстан бокс құрамасының бұрынғы капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокста алғаш өнер көрсетті.
АҚШ-та өткен бокс кешінде отандасымыз мексикалық боксшы Эдгар Рамиреспен (18-20-1, 14 КО) кездесіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді. Аз кездесудің өзі 4 раундтқа жоспарланған еді.
Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундтың үшінші минутында нокаут «рәсімдеді».
Бұл – Абылайхан Жүсіповтің кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі.
Абылайхан Жүсіпов 1997 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионатында үш мәрте қола жүлде алса, Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол созды. Ол әуесқой бокста ұлттық құраманың капитаны міндетін атқарды.