Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Әуесқой боксқа оралған қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов Тайландтағы Азия чемпионатын сәтті бастап, 71 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Отандасымыз ширек финалда түрікмен боксшысы Байрамдурды Нурмухамедовты жарыс жолынан шығарды. Қарсыласын айқын жеңіп, үшінші раундта нокдаунға да түсірді. Есеп - 5:0.

Жартылай финалда тәжік боксшысы Шохобжон Шукуровпен жұдырықтасады.

Абылайхан біраз жыл кәсіпқой бокста бақ сынап, ұлттық құрамаға қайта қосылды.