Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жалғастыратын болды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жалғастырады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов қазақстандық боксшы мен италиялық Винченцо Манджакпаре жекпе-жегінің есебі қайта қаралып, Абылайханға жеңіс берілгенін хабарлады. Отандасымыз ширек финалда Манодж Кумар (Үндістан) - Габриэль Маэстре (Венесуэла) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесетін болады.

Айта кетейік, осыған дейін 69 келіге дейінгі салмақтағы қос боксшы арасындағы жекпе-жек үшінші раундта Абылайдың жарақат алуына байланысты тоқтатылып, төрешілер жеңісті италиялық боксшыға берген еді.