Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда әзербайжандық Вусал Галандарзадені жеңді.
Сондай-ақ, Абылайхан Жұбаназар алғашқы айналымда аустралиялық Кейшин Очидан басым түскен еді.
Енді ол ширек финалда оңтүстіккореялық Ли Ен Хванмен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) жарыстың үшінші айналымында сербиялық Михайло Симинге есе жіберіп, жарыс жолын аяқтаған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова