Әбиба Әбужақынова татамиге оралады

6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік турға кіретін гран-при жарысы өтеді. Бұл бәсекеге әлемнің мықты дзюдошылары қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Олардың қатарында Қазақстан құрамасының спортшылары да бар. Алдағы додада ел намысын 20 спортшы қорғайды.

Ерлер

  • 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
  • 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
  • 73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
  • 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
  • 90 келіге дейін: Айдар Арапов
  • 100 келіге дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
  • 100 келіден жоғары: Жантілек Нұртілепұлы

Әйелдер

  • 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
  • 57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева, Дана Әбдірова
  • 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
  • 70 келіге дейін: Ажар Асхат
  • 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз