6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік турға кіретін гран-при жарысы өтеді. Бұл бәсекеге әлемнің мықты дзюдошылары қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Олардың қатарында Қазақстан құрамасының спортшылары да бар. Алдағы додада ел намысын 20 спортшы қорғайды.
Ерлер
- 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
- 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
- 73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
- 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
- 90 келіге дейін: Айдар Арапов
- 100 келіге дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
- 100 келіден жоғары: Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
- 57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева, Дана Әбдірова
- 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
- 70 келіге дейін: Ажар Асхат
- 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова