Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Мицуки Кондомен кездесті. Нәтижесінде Жапония өкілі жеңіске жетті.
Осылайша, Әбиба Әбужақынова қатарынан екінші рет Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында күмістен алқа таққан еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова