Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандық дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін өткен белдесуде Тайбэй өкілі Линь Чэньхаомен күресті.
Нәтижесінде Әбиба Әбужақынова "юко" ұпайын иеленіп, жеңісті суырып алды.
Финалда отандасымыз жапониялық Мицуки Кондомен кездеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова