Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі жарыста Қазақстан қоржынына қола салды

Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі жарыста Қазақстан қоржынына қола салды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өткен Grand Slam турнирінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Испания спортшысы Ева Перес Солермен белдесті.

Әбиба Әбужақынова – 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2022 және 2024 жылдардағы әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget