- Негізгі бет
- Спорт
- ААФ жаңа басшылығы:...
ААФ жаңа басшылығы: Алматыдағы ардагерлер футболының жақсаруына жаңа қадам
Аймақтың федерацияның жаңа басшылығы оңтүстік астанадағы футбол қауымдастығының жағдайын жақсартуды мақсат етіп отыр. АФФ президенті ардагерлер футболының маңызын, сондай-ақ «Fair Play» принципі мен қағидасын сақтауды атап өтті.
Күн тәртібінде 40 жастан жоғары ардагерлер арасындағы лигасын ұйымдастыру сұрақтары да қаралды.
АФФ бас хатшысы Ерлан Адамбековтің сөзінше, федерация осы лиганың нақты жарыс регламентінің болмауы басты мәселе болып отыр.
«Ардагерлер лигасын өткізу регламентінің болмауы матчтардың әділдігі мен тазалығына күмән келтіреді. Бұған қоса «Fair Play» әділ ойыны принципін бұзу жайттары кездесті. Лига ұйымдастырушысының қатысушылар арасында командасының болуы әділетсіздік туындатып, матчтар нәтижесіне әсер етеді», – деді Адамбеков.
Бұдан бөлек, Адамбековтың айтуынша ардагерлер лигасы басшылығы тарапынан негізсіз шағымдар түсу және спорт шаруашылығының бірінші басшыларына жүгіну арқылы АФФ ресми өкілдеріне қысым көрсетіліп жатыр.
Өз кезегінде ардагерлер футболының өкілдері лиганы одан ары дамыту және өзара қарым-қатынасты нығайту бойынша бірқатар ұсыныс жасады.
ААФ басшылығы лиганың аймақтық федерациясының қол астына өту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
«Футбол қауымдастығы үшін ардагерлер лигасының дамуы қаншалықты маңызы бар екенін түсінеміз. Біз үшін де қаламызда «Fair Play» принципі мен қағидасының жоғары стандарттарын сай жарыстардың өтуі маңызды. Бұл тек әділ нәтиже болуына кепілдік беріп қоймай, қатысушы командалар үшін салауатты атмосфера болуына әсер етеді.
Жарысты ұйымдастыру және басқару федерацияға өткен жағдайда, Алматыдағы ардагерлер футболы бір қадам болсын алға жылжиды», – деді Адамбеков.
Айта кетейік, 2024 жылдың басында Алматы футбол федерациясының басшысы қызметіне Афет Мехтиев келді. Сондай-ақ АФФ бас хатшысы қызметіне Ерлан Адамбеков тағайындалды.
Ж. Ордабаев