World Boxing қазақстандық алты боксшыны әлемде ең мықты деп таныды

World Boxing ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық алты боксшы өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға көтерілді:

  • Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін)
  • Махмұт Сабырхан (55 келіге дейін)
  • Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін)
  • Айбек Оралбай (90 келіден жоғары)
  • Аида Әбікеева (65 келіге дейін)
  • Наталья Богданова (70 келіге дейін)

Айта кетейік, World Boxing - әуесқой бокс саласында 2023 жылы сәуірде құрылған ұйым. Ол олимпиадалық бағытты басқару мақсатында құрылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!