Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) пен WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы доминикалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) арасындағы жекпе-жекке қатысты жаңа мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылы қаңтарда Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Адаместің командасына Нұрсұлтановпен міндетті титул қорғауы керек екені туралы ескерту жасаған болатын. Алайда ақпанның соңында Адамес ұлыбританиялық Хамза Ширазбен (21-0, 17 KO) жекпе-жек өткізіп, тең нәтижемен чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Осыдан кейін WBC ұйымы Нұрсұлтановпен жекпе-жекті өткізу туралы нақты шешім қабылдады. Қос тарапқа келісімге келу үшін 6 мамырға дейін уақыт берілген еді. Бұл күнге дейін келісімшартқа қол қойылмағанымен, кеше өтуі қажет болған промоутерлік аукцион тоқтатылды.
vRINGe порталы мәліметінше, WBC келіссөз оң қарқын алғанын ескеріп, тараптарға қосымша уақыт беруге шешім қабылдаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл тартысты жекпе-жек жаз мезгілінде Premier Boxing Champions аясында өтетін ірі бокс кештерінің бірінде болады деген болжам бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова