Vogue Italia журналы Шайдоровтың костюмін жоғары бағалады

Vogue Italia журналы Шайдоровтың костюмін жоғары бағалады
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Vogue Italia журналы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ең сәнді жарыстар қатарына қосып, спортшылардың киім үлгісіне арнайы шолу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Таңдаулы тізімге ерекше дизайнымен, айрықша түсімен көзге түскен спорттық киімдер енген. Авторлар тек киім үлгілеріне емес, аксессуарларға да айрықша назар аударған.

Тізімде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламада киген жарыс костюмі де жоғары бағаланған.

"Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров көрерменді "Дюна" фильміндегі Тимоти Шаламе бейнесін еске түсіретін киім үлгісімен таңғалдырды", - деп жазылған мәліметте.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров бүгін жарыс жолына шығады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget