"Uzbek Tigers" пен "Astana Arlans" кездесуін тікелей эфирде тек Vesti.kz сайты ғана көрсетеді

Бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) "Uzbek Tigers" пен "Astana Arlans" кездесуін тікелей эфирде тек "Vesti.kz" сайты ғана көрсетеді. Хабар арнасы көрермендеріне жекпе-жектердің жазба нұсқасын ұсынады екен.

Қос клуб арасындағы бокс кеші ертең өтеді. Ташкенттегі қазақ-өзбек боксының текетіресі Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Командалар жекпе-жекке шығатын құрамын жариялап үлгерді. Шаршы алаңдағы боксшылар жұбы төмендегідей:

49 келі: Хасанбой Дусматов – Теміртас Жүсіпов

56 келі: Абдулхай Шарахматов - Ілияс Сулейменов

64 келі: Эльнур Абдураимов - Ділмұрат Мижитов

75 келі: Исраил Мадримов - Сапарбай Айдаров

-91 келі: Зухриддин Махкамов - Антон Пинчук

Айта кетейік, Талдықорғанда өткен бірінші жекпе-жекте қазақ боксшылары қарсыластарын 4:1 есебімен ұтқан болатын.