US Open: Александр Шевченко екінші айналымнан аса алмады

US Open: Александр Шевченко екінші айналымнан аса алмады
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко US Open турнирінің екінші кезеңінен аса алмады, - деп хабарлайды msports.kz.

Екінші айналымда Александр Шевченко әлемнің жиырмасыншы ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен кездескен болатын. Ойын барысында қарсыласына 4:6, 1:6 есебімен жол беріп, үшінші сет басында кездесуді жалғастырудан бас тартты. 

Айта кетейік, бұған дейін ерлер арасында Александр Бублик пен Тимофей Скатов та жарысты ерте аяқтаған еді.

О. Сансызбай
Logotype Massaget