UFC Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдады: ол кім болады?

UFC ұйымы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдады. Қазіргі таңда кездесудің келіссөздері жүргізіліп жатыр, - деп жазады MMA Daily + MEMES парақшасы. 

Дереккөз ақпараты бойынша Шавкатқа америкалық Колби Ковингтон (17-4) қарсылас атанады. Жекпе-жек UFC-дің жазда Сиэтлде өтетін турниріне жоспарлануда екен. 

Қазақстандық спортшы желтоқсан айында октагонға шықты. UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңіп шыққан болатын. Дәл осы жекпе-жек кешінде Колби де шайқасып, Леон Эдвардстан жеңілген еді. 

Қазіргі таңда Шавкат жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде 3-орында тұр. Колби Ковингтон 5 сатыдағы спортшы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!