- Негізгі бет
- Спорт
- UFC жұлдызы қазақ...
UFC жұлдызы қазақ шапанын сыйлыққа алды
Фото:
Видеодан алынған кадр
Бразилиялық спортшы Чарльз Оливейра (33-8-0-1) UFC титулдық жекпе-жегі алдында Қазақстаннан сыйлық алды. Бұл сыйлық оның 33 жасқа толуының құрметіне берілген, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Жанкүйер спортшыға қазақ шапанын табыстаған, ал Оливейра шапанды киіп көріп, оған тәнті болған.
Айта кетейік, 22 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) оңтүстік америкалық спортшы UFC 280 турниріндегі басты іс-шараның қатысушысы болады.
Жеңіл салмақтағы UFC титулы үшін шайқаста Оливейра ресейлік Ислам Махачевпен (22-1) кездеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейінірек Оливейра шапан киіп, жанкүйерлермен кездескен сәттің видеосын жариялаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова