UFC жауынгері Шавкат Рахмонов аяғын қалай сындырғанын айтты

UFC-дің америкалық жауынгері Стивен Томпсон (17-7-1) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC 296 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (18-0) жеңілгені туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап. 

Турнирдің ең басты кездесуі мерзімінен бұрын аяқталды. Осылайша қазақстандық спортшы UFC-дегі 6 жекпе жекпе-жекте қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті.

"Мен жоспарға сай өткен демалыс күні төбелестім. Сіз өзіңіздің ойын жоспарыңызды орындамаған кезде не болады? Сізді екінші раундта жеңіп кетеді (күледі). Бәрі жақсы. Біз алға қарай жүре береміз. Мен жекпе-жектен кейін үйге жарақатсыз оралдым. Тек Шавкатқа жасаған соққым оның денесіне емес шынтағына тиіп аяғымды сындырған сияқтымын. 

Қарсыласыңыздың шынтағын теппеңіз. Себебі бұл үлкен қателік. Ия, мен аяғымды сындырдым. Бірақ мен қайтадан дайындалу үшін залға оралуды тағатсыздана күтудемін.

Сондай-ақ, мен сездердің жекпе-жек кезінде көрсеткен барлық қолдауыңызды бағалаймын. Әрине, бәрі мен қалағандай болмады. Дегенмен сіз өз мақсатыңыздан, жоспарыңыздан ауытқымауыңыз керек. Мен өз жоспарыма берікпін (бетінен ұрып, күледі). Бұл менің қателігім", - деп хабарлайды vesti.kz американдық жауынгердің YouTube арнасына сілтеме жасай отырып.

Айта кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов аяқтың жарақатына байланысты жылдың басты турнирі UFC 300 турниріне қатыспайтындығы туралы хабарлаған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!