Қазақстандық файтер Азат Мақсұмның (15-0) қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
27 жастағы Мақсұм Octagon 39 турнирі аясында жеңіліп көрмеген бразилиялық Фабрисио Нуньеспен (8-0) кездеседі. Турнир 21 қаңтарда Алматыда өтеді.
Мақсұм - жекпе-жек, джиу-джитсу және еркін күрестен спорт шебері.
Айта кетейік, ол 15 жеңістің 11-ін мерзімінен бұрын бағындырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!