UFC басшысы Рахмоновты құттықтау үшін октагоннан шығар жерде күтіп тұрған видео пайда болды

UFC президенті Дана Уайт алғашқылардың бірі болып Шавкат Рахмоновты (17-0) промоушендегі кезекті жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өткен UFC 285 турнирі аясында "Номад" америкалық Джефф Нилді мерзімінен бұрын жеңді (14-5). Қазақстандық үшінші раундта жеңіске жетті. Октагоннан шығар жерде Шавкатты UFC басшысы күтіп тұрды.

"Бұл нағыз соғыс болды. Құттықтаймыз. Керемет жекпе-жек", - деді Уайт.

Қазақстандық оған алғысын білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC турнирінде жеңіске жеткені хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!