Бразилиялық Чарльз Оливейра (32-8-0-1) Джастин Гэтжиді (23-3) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Файтерлер Феникстегі (АҚШ) UFC 274 турнирінде кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Оливейра қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді.
Осылайша, бұл дивизиондағы чемпиондық белбеу ешкімге бұйырмады, өйткені Оливейра жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтпей қалған, ал Гэтжи оны жеңе алмады.
Еске салайық, Роуз Намаюнас да турнирде әйелдер арасындағы ең төменгі салмақ дәрежесінде чемпион атағынан айырылған болатын. Ал Майкл Чандлер Тони Фергюсонды нокаутқа түсірген еді.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz