U20 Азия чемпионаты: Қазақстанның қоржынында қанша медаль бар?

U20 Азия чемпионаты: Қазақстанның қоржынында қанша медаль бар?
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуандар күрестен U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күрес түрлерінен Таиландтың Паттайя қаласында өткен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы аталған бәсекеде 18 медаль жеңіп алды.

Еркін күрес

Алтын медаль: Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін)

Күміс медаль: Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін), Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін), Самир Дурсунов (97 келіге дейін).

Қола медаль: Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін), Асхаб Хаджиев (86 келіге дейін).

Әйелдер күресі

Күміс медаль: Жаңыл Бекен (65 келіге дейін), Ұлдана Тілеухан (68 келіге дейін).

Қола медаль: Динара Дауылқызы (53 келіге дейін), Анна Стратан (57 келіге дейін), Айжан Мұратбай (59 келіге дейін).

Грек-рим күресі

Күміс медаль: Бақдәулет Тұрсынбек (77 келіге дейін), Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін), Әлихан Тағаев (87 келіге дейін).

Қола медаль: Әмірмұхаммед Қабулов (55 келіге дейін), Алпамыс Болатұлы (60 келіге дейін), Максим Украинцев (97 келіге дейін).

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget