PGL Astana: қазақстандық molodoy қанша табыс тапты?

Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша өнер көрсететін бразилиялық FURIA командасы PGL Astana 2026 турнирінің ширек финалында жарыс жолын аяқтады. Бұл команда сапында қазақстандық ойыншы Данил molodoy Голубенко өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Плей-офф кезеңінің алғашқы матчінде команда сауд арабиялық Team Falcons клубымен кездесті. Бұл ұжым сапында Дания, Ресей, сондай-ақ, Босния және Герцеговина ойыншылары өнер көрсетеді.

Матч 2:1 (9:13, 22:20, 19:17) есебімен Falcons командасының жеңісімен аяқталды. Үш картаның қорытындысы бойынша molodoy 1,12 рейтингін (76-65 K/D) жинап, бұл көрсеткіш бойынша командада екінші орынға ие болды.

FURIA турнирді 5-8-орындармен тәмамдады. Команда ойыншылары мен жаттықтырушысына 40 мың доллар (18,7 миллион теңге) көлемінде сыйақы беріледі. Дәл осындай сома клубқа да тиесілі. Табыстың жалпы сомасы 80 мың долларды (37,5 миллион теңге).

Осылайша, Falcons PGL Astana жартылай финалына жолдама алды. Онда олар турнирде қалған соңғы қазақстандық өкіл - magic ұжымының ойыншысы Абдурахим mo0N Иссамен кездеседі.

Параллель өтетін екінші жартылай финалдық жұпта Астанадағы былтырғы турнирдің жеңімпазы - Team Spirit пен MOUZ командалары кездеседі.

PGL Astana 2026 жартылай финалдарының кестесі

15:00-де

Team Spirit — MOUZ;

19:00-де

Falcons — magic.

Матчтердің трансляциясын PGL ресми YouTube-арнасынан мына сілтеме арқылы көруге болады.

PGL Astana 2026

Еске салайық, турнирдің топтық кезеңі 13 мамырда аяқталып, нәтижесінде ең үздік 8 команда плей-оффқа шықты. Ойын 15-17 мамыр аралығында "Барыс Арена" мұз айдынында өтіп жатыр.

Жалпы жүлде қоры - 1,6 миллион доллар (743,3 миллион теңге). Оның ішінде 800 мың доллар (371,6 миллион теңге) ойыншыларға, тағы 800 мың доллар ұйымдарға арналған.

Жеңімпаз 512 мың доллар (236,7 миллион теңге) алады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз