IWF Қазақстан құрамасына 50 мың доллар айыппұл салды

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) Қазақстан құрамасына 50 мың доллар айыппұл салды. Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеме жасай отырып vesti.kz сайты хабарлап отыр.

IWF допинг қолданды деп күдікке ілінген спортшылар санына байланысты Әзірбайжан құрамасына 200 мың, Ресейге – 100 мың, Қазақстан, Молдова мен КХДР құрамаларына 50 мың доллардан айыппұл салды.

Айта кетейік, АҚШ-тағы додадан кейін 17 спортшы күдікке алынған еді. Олардың қатарында қазақстандық Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртай болған-ды. Құрамалар айыппұлды төлемеген жағдайда 2016 жылғы Рио Олимпиадасына берілетін жолдамалардан шеттетілетін болады.