IBF Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады

Кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінен шығып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

IBF Жәнібек Әлімханұлынан тыйым салынған препарат - мельдоний табылғаны туралы жаңалықтан кейін оны чемпиондық белбеуінен айырды. Халықаралық бокс федерациясы орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды, бұл тізімде қазақстандық спортшы жоқ. Енді IBF белбеуі бос, рейтингтің бірінші сатысы да бос тұр. 

ibf-usba-boxing.com

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан допинг табылғаны туралы ақпарат 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда пайда болды.

VADA антидопинг комиссиясының мәлімдемесінен кейін боксшыны шеттету туралы шешім қабылданып, ұзаққа созылған тергеу басталды. 

2026 жылдың басында ашылған B сынамасы Жәнібек Әлімханұлының ағзасында тыйым салынған зат бар екенін растады. Қазақстандық боксшы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетілген болатын, бұл мерзім аяқталғаннан кейін Жәнібекті Бентлимен қарымта кездесу күтіп тұр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз