Grand Slam турниріне кімдер қатысатыны белгілі болды

Дзюдодан Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының соңғы тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл додада 14 балуан жүлдеге таласады.

Ерлер:

  • 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан 
  • 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
  • 73 келіге дейін: Есет Қуанов
  • 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай
  • 90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков
  • 100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
  • 100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Әйелдер:

  • 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова
  • 57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева
  • 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

Турнир 28-30 қараша аралығында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!