Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

8-10 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандардың тізімі мынадай:

Ерлер

  • 60 келі: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы
  • 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев
  • 73 келі: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин
  • 81 келі: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов
  • 90 келі: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев
  • 100 келі: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов
  • +100 келі: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

Әйелдер

  • 48 келі: Аяна Дүйсенбай, Диана Буркеева, Іңкәр Құралбай, Тасним Абдуәли
  • 52 келі: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева
  • 57 келі: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет
  • 63 келі: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Куюлова, Дамеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова
  • 70 келі: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
  • 78 келі: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева
  • +78 келі: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!