Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
Фото: ҰОК

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Душанбеде (Тәжікстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

1-3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 12 балуан қорғайды. 

  • 60 келіге дейін: Нұраділ Әлжан, Тоқтар Үміталиев
  • 66 келіге дейін: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша
  • 73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Мәди Жеткерген
  • 81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Азат Күмісбай
  • 90 келіге дейін: Даниил Крылов, Нұржан Бейсенов
  • 100 келіге дейін: Бейбіт Мадеев, Мавлидов Мухаммедали

Айта кетейік, тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget