Grand Slam турнирі: қазақстандық балуан Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шықты

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алтын жүлдесі үшін күреседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері, Тайпей өкілі Ян Юнвэйді жеңді.

Осылайша ол ақтық сынға жолдама алды.

Талғат Орынбасар финалда Шерзод Давлатов пен моңғолиялық Сухбат Бямбасурэн арасындағы кездесу жеңімпазымен бақ сынайды.

Айта кетейік, финал 17:00-де басталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!