Америкалық ESPN порталы жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволдың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген кездесуін жылдың үздік апсеті деп таныды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесу мамырда Лас-Вегас қаласында өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша Биволдың жеңісімен аяқталды.
Сонымен қатар, портал Дмитрий Биволды 2022 жылдың үздік боксшысы деп те атады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!