Бүгін Германияның Галле қаласында 39-Chemistry Cup додасының 2-кезеңі өтіп жатыр.
Боксшылар арасында өткізіліп жүрген бұл турнир 1970 жылы Джохим Вольфтың мұрындық болуымен құрылған еді. Осы жылғы турнирге әлемнің 22 елінен 128 боксшы қатысып отыр. Атап айтсақ: Армения, Қытай, Бразилия, Дания, Германия, Англия, Франция, Ирландия, Израиль, Италия, Литва, Молдавия, Монғолия, Румыния, Ресей, Шотландия, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Эквадор. Олардың арасында Денис Макаров, Миша Алоян, Егор Мехонцев, Артур Бетербиев, Сергей Кузьмин, Джо Уорд секілді Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары бар.
Екінші айналымға өткен Қазақстандық алты боксшының қарсыластары:
60 кг: Ғани Жайлауов (Қазақстан) — Рашид Азедин (Франция)
75 кг: Данабек Сужанов (Қазақстан) — Даррен О Нэйл (Ирландия)
69 кг: Серік Сәпиев (Қазақстан) — Эррол Ли Спенс (АҚШ)
56 кг: Қанат Әбутәліпов (Қазақстан) — Мехмет Топахан (Түркия)
81 кг: Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) — Петер Мюлленберг (Голландия)
91кг+ : Иван Дычко (Қазақстан) — Сергей Кузьмин (Ресей)
сурет: usaboxing.org