Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.
Президент жас хоккейшілерге табанды түрде жаттығып, күш-қайратын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!